Приглашаем детей на поездку в Казахстан по проекту «Туған елге саяхат»

11-04-2019

Приглашаем детей на поездку в Казахстан по проекту «Туған елге саяхат»

Уважаемые члены диаспоры, «Фонд Отандастар» совместно с Корпоративным фондом «Фонд социальных проектов Samruk-Kazyna Trust»

Ч.А. Шоканов в программе "Кулинарная дипломатия"

11-04-2019

Ч.А. Шоканов в программе "Кулинарная дипломатия"

Участие главы казахской диаспоры в Республике Беларусь Чермена Анатольевича Шоканова в программе «Кулинарная дипломатия» с Тимофеем Роговым на канале Беларусь 1

Получение образования в высших учебных заведениях Республики Казахстан

11-04-2019

Получение образования в высших учебных заведениях Республики Казахстан

Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь предоставила информацию по получению образования

Поздравляем Чермен Анатольевича с рождением внучки!!!

14-03-2019

Поздравляем Чермен Анатольевича с рождением внучки!!!

Почетного консула Республики Казахстан в Республике Беларусь, Председателя МОО "Атамекен"Шоканова Чермен Анатольевича поздравляем с рождением внучки!!!

ДЛЯ СВЕДЕНИЯ! Создан фонд «ОТАНДАСТАР»

12-02-2019

ДЛЯ СВЕДЕНИЯ! Создан фонд «ОТАНДАСТАР»

Уважаемые соотечественники, во исполнении поручения президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А.

С Новым 2019 годом

29-12-2018

С Новым 2019 годом

Вдалеке от Родины, но с мыслями о ней. Под таким негласным девизом подвели итоги уходящего года наши земляки, которые волею судьбы сегодня живут вдалеке от Казахстана.

День культуры

12-12-2018

День культуры

В рамках мероприятий «Дня культуры» Республики Казахстан

«Сакральный Казахстан»

12-12-2018

«Сакральный Казахстан»

Фонд "Отандастар" (Соотечественники) Всемирной Ассоциации казахов

  • 1
  • 2

Всемирная Ассоциация казахов провела встречу с казахами, проживающими в Узбекистане

Өзбекстандағы қазақтармен кездесу өтті

Өзбекстандағы жалпы халықтың саны – 27 миллионнан астам. Ал, бейресми мәлімет бойынша 1,5 миллионы қазақтар.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Өзбекстандағы қазақтар ондағы халықтың 4%-ын құраған. Бірінші орында – өзбектер, сосын – орыстар, үшінші орында – тәжіктер, ал, төртінші орынға – қазақтар табан тірейді. 1991 жылдан кейін Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігі – Қазақстанға көшіп кетті. Ресми деректер бойынша, 1991-2007 жылдары Қазақстанға келген қазақтардың 61%-ы Өзбекстаннан қоныс аударған. Совет Одағы құлаған жылдарда Өзбекстанда 700-ге тарта қазақ мектебі бар еді. Қазіргі күні 235 мектепте 100 мыңнан астам оқушы білім алады. Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігінің мәліметі бойынша, 2002-2003 жылдары қазақ-өзбек тілінде дәріс беретін аралас мектептердің саны – 581 болған болса, 2006-2007 жылдары 521 аралас мектеп болған. Ал, таза қазақ мектептерінің саны – 234-ке жеткен. Мектептерде сабақ латын жазуымен оқытылады, жалпы білім беру мектептері – 9 сыныпқа дейін ғана білім береді. Одан кейінгі білім колледжге ауыстыралды. Ондағы сабақтар тек өзбек, орыс тілдерінде ғана жүргізіледі, – деген еді бір сұхбатында тарих ғылымдарының докторы Қалыбек Қобыландин мырза.

Қазақтардың ең көп орналасқан жерлері – Қарақалппақстанда қазақтардың 15 пайызы, Ташкент өңірінде 15 пайызы, ал, қалған 15 пайызы Жызақ, Бұқара және Навои облыстарында тұрады. Қазақтар тұтас аудан, ауыл болып шоғырланған. Мүндағы қазақтардың басты айырмашылығы – Өзбекстан аумағында қалып, ежелден осы аймақта тұрып, терең тамыр жіберген ұлт болып табылады. Оның үстіне аймақтарда, елді-мекендерде тығыз орналасыу балалардың өз ана тілінде оқып білім алуына мүмкіндігі зор. Олар өздерін өзбек жерінде қазақ диаспорасымыз деп санамайды. Керісінше, түп тамырымыз тереңдеген атамекендеміз деп есептейді.

Осы елдегі қазақтарға рухани, мәдени қолдау көрсету мақсатында біз жуықта Өзбекстан елінің Ташкент, Самарқанд қалаларында және Навои облысында іс-сапарда болып қайттық. «Ташкент» әуежайынан Өзбекстан Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығының директоры Насреддин Мухаммадиев, Қазақстанның Елшілік қызметкерлері Руслан Рустамбеков, Наурыз Айдаровпен бірге бір топ қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды.

Ташкенттегі Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығының кіші залында «Қазақ халқының ұлы ойшылы – Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауды насихаттау мақсатында халықаралық «дөңгелек үстел» сұхбаттары болып өтті. Оның модераторы академик Саттар Мәжитов болды.

«Түркістан» сарайында екі елдің өнер шеберлерінің «Достық» халықаралық өнер фестивалі атты гала концерті берілді. Қазақстаннан «Денар» және «Серілер» тобы, биші Гүлнар Нұрсұлтан мен дәстүрлі әнші Уатқан Захан өз өнерлерін көрсетті. Халық көп жиналды. Концертті тамашалауға келген дүйм халық өздерінің ризашылығын білдіріп, рахметін айтып, көңілді күйде үйлеріне қайтты.

Қазақстандық қонақтар, өнерпаз әнші, домбырашы жастар мен жергілікті мәдени орталығының қызметкерлері жеңіл автокөлікпен жүйткіп отырып, тал түсте Науаи облысының «Нұр ата» ауданына келдік. Біздерді Науаи қалалық мәдени орталығының төрағасы Клара Сәдірбаева мәдени орталықтың жауапты қызметкерлерімен бірге күтіп алды. Мұндағы Сейітқұл ата мен данышпан Әйтеке бидің кесенесіне тәу еттік. Самарқандта болып, Әмір, Темір бабалардың, Ташкентте Төле би бабамыздың басына барып, құран бағыштадық. Әйтеке би мұражайына кіріп, қолтаңбаларымызды қалдырдық. Түс ауа қаланың ортасындағы мейрамханада жергілікті ақсақалдармен сұхбаттас болып, өнерпаз жастардың шағын концертін тарту еттік. Олармен бірге Науаилық опералық әнші, бірнеше конкурстың лауреаты Сержан Жанахметов Абайдың өлеңдерін орындап, көпшіліктің құрметіне бөленді. Клараға Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерекелік медаль құрметпен табыс етті Талғат Асылұлы.

Навои облысындағы қазақ қандастарымызбен жолығып, жағдайларымен таныстық. Алыстан іздеп барғанымызға ризашылықтарын білдірді. Ташкент пен Навои қаласы 650 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол бойындағы ауылдар жап-жасыл, таза, көзге тартымды. Халқының еңбекқорлығын осыдан-ақ көруге болады.

Біздің шетелдегі ағайындармен кездесіп, олармен дидарласып қайтуымызға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді ұйымдастыру және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Самұрық Қазына» ӘҰҚ-ына алғысымыз шексіз. Алыстағы ағайын аман болсын!

Алматы –Ташкент – Навои – Ташкент – Алматы

Ботагөз УАТҚАН